Біздің бейімділік – білімді және бақытты бала

Біздің миссиямыз мектепте баланың бәсекеге қабілетті білім алуынан, достар табуынан, денсаулығы мен психикасын сақтауынан және жай бақытты болуынан көрінеді.

Біздің бейімділік – білімді және бақытты бала

Мальчик

Біздің миссиямыз мектепте баланың бәсекеге қабілетті білім алуынан, достар табуынан, денсаулығы мен психикасын сақтауынан және жай бақытты болуынан көрінеді.

Мектепте баланың техникалық дамуына жағдай жасалған

Арнайы және элективті курстарда, үйірмелерде, жеке сабақтарда және Новосібір мемлекеттік университетінің сырттай мектебінде физика, математика, информатика пәндерін тереңдетіп оқуға, робототехниканы меңгере аласыз.

Мектепте баланың техникалық дамуына жағдай жасалған

Мальчик

Арнайы және элективті курстарда, үйірмелерде, жеке сабақтарда және Новосібір мемлекеттік университетінің сырттай мектебінде физика, математика, информатика пәндерін тереңдетіп оқуға, робототехниканы меңгере аласыз.

Мектепте баланың шығармашылық дамуына жағдай жасалған

Балалар вокалмен және бейнелеу өнерімен айналыса алады, хорда ән айтып, фортепианода сабақ алады, би билеп, қолөнер туындыларын жасай алады.

Мектепте баланың шығармашылық дамуына жағдай жасалған

Мальчик

Балалар вокалмен және бейнелеу өнерімен айналыса алады, хорда ән айтып, фортепианода сабақ алады, би билеп, қолөнер туындыларын жасай алады.

Мектепалды
5-6 жастағы балалар үшін
1-11 сыныптар
Оқыту аптасына 5 күн
Қосымша сабақтар
18 үйірме, секция және клуб
Оқудың толық циклі
Лицей – «Тұран» білім беру корпорациясының құрамдас бөлігі. «Тұран» лицейі» мектебінің түлектері үшін «Тұран» университетіне түсуге жеңілдіктер қарастырылған.
Техникалық жабдықтандыру
Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен, соның ішінде интерактивті тақталармен жабдықталған
Психологиялық қолдау
Әр сыныпқа қолайлы психологиялық ахуал туғызу үшін жұмыс істейтін психолог-мұғалімдер бекітілген.

Қазіргі таңда «Тұран» лицейі» мектебінде 75 мұғалім еңбек етеді. Оның ішінде 54 пән мұғалімі, 4 психолог, 10 тәрбиеші, 6 қосымша білім беру мұғалімі бар.

Мұғалімдердің 97,3 пайызы жоғары кәсіптік, 2,7 пайызы орта педагогикалық білімі бар. Мұғалімдердің 79,6 пайызы жоғары және бірінші санатқа ие.

+0

Сұрақтарға жауаптар

Басқа білім беру ұйымынан «Тұран Лицейі» мектебіне ауысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?

Білім алушыны басқа білім беру ұйымынан ауыстыру кезінде ата-аналар (заңды өкілдер) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

— директордың атына жазылған өтініш.

— Туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі.

— ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәліктерінің көшірмелері.

— Барлық оқу сыныптары бойынша үлгеру табельдері және тоқсанның ағымдағы бағалары туралы анықтама (оқу тоқсаны аяқталмаған жағдайда).

— 9-сыныпты бітіргені туралы аттестат + бағалары бар құжаттың қосымша қағазы (түпнұсқа) – 10 және 11-сыныптарға түсушілер үшін.

— Оқу орнынан шығу картасы.

 

Шетелдік азаматтар үшін:

— тұруға ықтияр хат немесе азаматтығы жоқ адамның төлқұжаты.

 

Аталған құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ беру қажет.

Мектепте жұмыс кестесі қандай?

0-6 сынып оқушылары 8.00-17.00, 7-11 сынып оқушылары 15.20-ға дейін мектепте болады.

Спорт секциялары мен би студиясы сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мектепте оқуға түсу үшін сұхбаттасу керек пе?

Иә. Алдын-ала жазылу арқылы оқушы математика және орыс тілінен тестілеуден өтеді. Сондай-ақ психолог пен логопед міндетті түрде балаға кеңес береді.

Мектепте оқу ақысы қанша? Жеңілдіктер бар ма?

Оқу құны және жеңілдіктер беру тәртібі «Тұран университеті» мекемесінің «Тұран» лицейінің «Мектеп оқушыларының оқу ақысын төлеу туралы ережемен» реттеледі.

«Тұран Лицейі» мектебінде оқушыларды тамақтандыру қалай ұйымдастырылған?

Мектеп оқушыларды күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етеді: таңғы ас, түскі ас және бесіндік (полдник) тағамдар. Оқушыларды тамақтандыру бойынша жұмыста асхана әкімшілігі негізгі нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарды басшылыққа алады.

Толығырақ

Лицейде мектеп формасы міндетті ма?

Мектеп формасы мәселесі мектептің Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес біржақты оң шешілген.

Толығырақ

Әр сыныпта қанша оқушыдан болады?

24 оқушыдан көп емес.

Мектебіңіз тұран университетіне қандай қатысы бар?

«Тұран лицейі» мектебі – «Тұран» университетінің құрылымдық бөлімшесі

Лицейде ұялы телефон алып жүруге болады ма?

Лицейде ұялы телефонды алып жүруді ұсынбаймыз. Сабақ уақытында болмашы себеппен қоңырау шалуға немесе электронды ойын ойнауға еліктіріп алуы мүмкін.

Ағылшын тілі сабағын сол тілдің білім иегері (носители языка) оқытады ма?

Иә. 4-сыныптан бастап ауызекі ағылшын тілі курсын арнайы білімі бар тіл маманы жүргізеді. Англиядан мұғалімдерді шақырамыз.

Үй тапсырмасының мөлшері қандай?

Олар біздің оқытушылар әзірлеген әрбір сыныптың оқу бағдарламасына байланысты болады. 2-6 сынып оқушылары өздік жұмыс сабақтарында жазбаша тапсырмаларды орындайды.

Егер бала сабақтан қалса немесе пәнді оқуда қиындықтар болса, бұл мәселе қалай шешіледі?

Оқушы түзету сабақтарында білім олқылықтарын жоя алады.

Мектепте қандай қосымша білім беру қызметтері бар?

Мектеп қосымша білім берудің бірнеше бағыттарын жүзеге асырады. Бұл мектептегі дайындық бағыттарына байланысты мамандандырылған тереңдетілген курстар, мектептің спорттық инфрақұрылымына негізделген спорт сабақтары, түрлі интеллектуалдық және жалпы мәдени шаралар.

Мектептен тыс жерде шаралар ұйымдастыру тәжірибеде бар ма?

Иә, біз Бел-бұлақ шатқалының Талғар ауданында орналасқан «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру кешенімізде тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырып, түрлі экскурсиялар, Алматы қаласының төңірегіне және шетелдерге саяхат жасап жатамыз.

Демалыс уақытында мектеп балалардың демалуын ұйымдастырады ма?

0-4 сынып оқушыларының күзгі, қысқы және көктемгі демалыс кезінде «демалыс лагері» жобасы жүзеге асырылады. Мамыр айының аяғында мектепте «Радуга» жазғы лагері өз жұмысын бастайды. Ол лагерьде 0-5 сынып оқушылары демалады.