«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН ЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙЗЕЛІСТІ ЖОЮ» АТТЫ ТРЕНИНГ

9 Қаңтар 2023

Лицейде тәрбиешілерге арналған «Психологиялық денсаулықты нығайту үшін эмоционалды күйзелісті жою» атты тренинг өтті. Сауықтыру және спорттық жаттығулар үйренді.

«Қарым-қатынас» жаттығуы: дене байланысына байланысты қатысушылардың эмоционалды-психологиялық қарым-қатынасы байқалады. Олардың арасында өзара түсіністік жақсарады, вербалды емес қарым-қатынас дағдылары дамиды.

«Ұнату/ұнатпау» жаттығуы: эмоционалдық стрессті жеңілдету. Сублимациямен танысу.

«Денсаулықты нығайту – табысқа жетудің басты қадамы» дейді психологтарымыз.