«Тұран» лицейі» мектебінің білім беру моделі

 «Тұран» Лицейі» мектебінің білім беру моделінің орталығында – бала, оның білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреттілігі, оның физикалық және психикалық денсаулығы.

Білім беру моделін даралау оқушының қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған және оның қызығушылықтары мен білім беру қажеттіліктерімен шартталған. Модельді іске асыруға, оны дараландыруға белсенді көмек мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық қызметі (ПМПҚ) арқылы жүзеге асырылады. Модель оның тиімділігін қамтамасыз ететін шарттарға негізделген.